$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда геологиялық ақпараттың ұлттық цифрлық қоры құрылады

11.11.2025ж. 10:40
Қазақстанда геологиялық ақпараттың ұлттық цифрлық қоры құрылады

Қазақстанның геологиялық қорларында соңғы 80 жылда жинақталған 5 млн-нан астам бастапқы геологиялық ақпарат сақталған. Бұл туралы Үкімет отырысында «Ұлттық геологиялық қызмет» компаниясының басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев мәлімдеді.

Ол бүгінгі күні мәтіндік есептер, графикалық материалдар және магниттік жеткізгіштен тұратын 3,8 млн бірлік (83 %) сканерленгенін атап өтті.
 

«2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 97,5 %-ға жеткізу, ал 2026 жылдың соңына дейін – сканерлеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша сканерлеу нәтижесінде алынған материалдарға жасанды интеллектті қолданып, геологиялық деректердің ақпараттық қорын құрамыз»,- деді Ерлан Ғалиев