$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жасанды интеллект дәрі-дәрмектерді жеткізуді жоспарлайды және жалған рецепттерді анықтайды

11.11.2025ж. 11:05
Жасанды интеллект дәрі-дәрмектерді жеткізуді жоспарлайды және жалған рецепттерді анықтайды

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процестерін оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллекті белсенді пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.
 

«Министрлік дәрі-дәрмектерді жоспарлау және уақтылы жеткізу кезінде ЖИ-ді пайдалануды жоспарлап отыр. Жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін де қолданылады»,- деді Тимур Мұратов.
 

Вице-министр ЖИ енгізу жөніндегі жұмыс Президенттің саланы ауқымды цифрландыру бойынша берген тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Медициналық ақпараттық жүйелерде электрондық рецепт жазу мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді біріктіру нәтижесінде рецепт рәсімдеу және жазып беру тиімділігі едәуір артып, рецепт беру уақыты 2 есе қысқарды.

Сонымен қатар «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында «e-Densaulyq», «Halyk», «БСК», «Face ID», SMS-кодтар және басқа да цифрлық тетіктерді пайдалана отырып, 708 медициналық ұйымда 10 млн-нан астам электрондық рецепт жазып берілді.