$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Фельдшердің жағдайы өте ауыр

11.11.2025ж. 14:40
Фельдшердің жағдайы өте ауыр
фото: pixabay

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлау салдарынан зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтты.

- Шынын айту керек, әріптесіміз жас фельдшер маманның жағдайы өте ауыр. Жан жақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Барлық денсаулық сақтау жүйесі, мамандар бірігіп, консилиум арқылы шешім қабылдап, көмек көрсетіп жатырмыз. Әріптесіміз аруханаға түскен күні ота жасалып, реанимациялық көмек көрсетілді. Қазір қаламыздағы үлкен ауруханалардың бірінде емін жалғастырып жатыр, -деді вице-министр.