Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Әуежайда мәртебелі мейманның келуіне орай құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестр сап түзеді. Президентті Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Осы сәтте екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды.
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті. Білім алушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді. Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Баршаңызға рақмет! Табыс тілеймін. Оқуларыңыз сәтті болсын.