$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан 2018 жылы 1,5 миллион тонна әуе отынын өндірмек

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
2507
Қазақстан 2018 жылы 1,5 миллион тонна әуе отынын өндірмек

Үш мұнай өңдеу зауыты жаңғырудан өткен соң, Қазақстан 2018 жылы бір жарым миллион тонна әуе керосинін шығара бастайды. Бүгінде елде тапшылық бар, әуе отынының 70 пайызы Ресейден жеткізіледі, - деді Жеңіс Қасымбек. Өндірілген отынның жартысы қажеттілікке жараса, қалғаны экспортталмақ. Сондықтан министр бағаны да болжау қиынға соқпайды деп отыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестиция және даму министрі: 

Бағаны болжай аламыз деп ойлаймын. Кеше ғана Люфтганзамен келіссөз жүргіздім. Олар да үш зауыт өнімінің өнідірісіне сай жасайтын болады. Ол кезде нарықта айқын баға болады. Сондықтан көптеген шетелдік тасымалдаушылар келер жылға жағымды болжам жасап отыр. 

Жақында ИАТА-ның аймақтық менеджері Джордан Карамалаков Қазақстандағы әуе керосин бағасының өсуі ашық емес екенін айтқан еді. Бұл компаниялардың артық шығын көруіне әкеліп отыр деді. Бірақ министр бұл пікірмен келіспейді. Мәселе тапшылықта, 70 пайызы импортталатын болған соң, бағаны нарық реттейді деп отыр.