$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қала іргесіндегі ауылда ауыз су мен кәріз құбыры жоқ

11.11.2025ж. 19:00
Қала іргесіндегі ауылда ауыз су мен кәріз құбыры жоқ

Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурино ауылының халқы отыз жылдан бері орталықтандырылған  су құбыры мен кәріз желісін сұрап келеді.Алайда жергілікті билік өкілдері тұрғындар кезінде өздері бас тартқан деп отыр. Екіқабатты үйді мекендейтін  жұртшылық  электр жарығы өшкен сайын сусыз қалады. Бұқара мен биліктің пікірін тілшіміз Заңғар Санай тыңдады.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Қала іргесіндегі Мичурин ауылында 24 екіқабатты үй бар. Олардың түгелінде орталықтандырылған ауыз су желісі жоқ.Әр үй өздеріне жеке су ұңғымасы мен кәріз құдығын қаздырып алған.

Кейбір үйлердің су ұңғымасы мен кәріз құдығы тым жақын орналасқан. Судың сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ.Сондықтан денсаулығымыз үшін алаңдаймыз дейді, тұрғындар.

ҮКІЖАН ШАЛДЫБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Дұрыс емес.Септиктің жанында скважинасы бар, несі бар. Енді сол тазалық жағынан дұрыс емес ғой. Қаланыңыкіндей болса.Қаланың жанында тұрамыз.Ауылда емеспіз ғой.

3 мыңға жуық адамы бар ауылда ауыз су мәселесі өзекті боп тұр. Ал жергілікті билік  құбыр өткізуге асығар емес. Кезінде халық арасында сауалнама жүргіздік,көбі қарсы болды деп отыр.

ТАЛҒАТ МАЙШИН, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ:

Сол кезде 853 аула болған.Опрос жасаған кезде.Солардың 389 қарсы шыққан су құбырын канализациясыз салуға.Қазіргі уақытта құжаттар жасалмаған жобасы. Енді өткенде  тағы халықпен  кездесу өткіздік.

ЛЮДМИЛА ТИМОШЕНКО, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Олардың былай айтуы біртүрлі екен. Тұрғындар судан бас тартты дегені күмәнді. Мен екі қабатты баспанада тұрамын. 21 ғасырда барлық Мичурино ауылында су жоқ. Ал, өздері тұрғындарды 100 пайыз сумен қамтыдық  деп жариялап отыр. 

Аудан басшылығы ауылда  құдық суы бар.Ал орталықтандырылған құбыр мен кәріз жүйесін салу екі жылдан кейін қарастырылуы мүмкін дегенді айтты.