$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаяу жүргіншілер жолы неге қар мен мұздан тазартылмай жатыр?

AstanaTV
11.11.2025ж. 19:00
Жаяу жүргіншілер жолы неге қар мен мұздан тазартылмай жатыр?

Астанада бір күнде 226 адам мұзға құлап, жарақаттанған. Себебі, көшелер көктайғақ боп, сіресіп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолымен жүру мүмкін емес. Діттеген жеріңе тәлтіректеп әрең жетесің. Тілшіміз Үсен Астана көшелерді  аралап, көріп келді.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Көктайғақ әбігерге салды. Бұрын бес минутта жететін жерге, аяғынды абайлап басып,  сырғанап сағаттап жетесің. Мұзға мертіккен, сынық сүйек пен саусағы майып болғандардың саны артып жатыр. Көшелер қауіпті сынақ алаңына айналғандай.

Бір 226 адам жүгінген.Оның 19 -ы ауруханаға жатқызылды.  Көктайғақта мұзға құлап, денесі көгеріп, дәрігер көмегіне жүгінген бала көп.

ДИНАТ ҚОЖЕКЕНОВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы аптада көктайғаққа байланысты бізде травматологиялық пункт бар соған көмекке жүгінген науқастар саны біраз аздап көбейіп кетті.Егер бір аптадан алатын болсақ бір аптаның ішінде тек көктайғақтың кесірінен көмекке жүгініп келген балалар саны 77 оның 5 ауруханаға жатқызылды.

Қала тұрғындары жолдың тазаланбай жатқанына наразы.

БЛИЦ:

- Мынаның бәрін тазалау керек қой әлі тазалаған жоқ

- Кешке жақын таңертең көктайғақ болған кезде,машинамен де не удобно,балаларменде жүрген не удобно

- Апалар 70 ке келгенде құлап қалса жаман жамбасы сынады да қалады жатады содан соң төсек тартып.

"Астана тазалығы" қаладағы тротуарларды тазалауға 47 арнайы  техника жұмылдырған.  Бір ауысымда 500-ден аса адам жұмыс істеп жатыр.

ӘНУАР МАГАЛОВ, "АСТАНА ТАЗАЛЫҚ" МЕКЕМЕСІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мұзды тазалау бәрібір сол ауа райына келіп тірелетін болады. Мысалы күндіз еріп түнде қатқанмен тазалаймыз.Қазір 24 сағат жұмыс істеп жатыр адамдар да техникалар да.

Көктайғақтың салдарынан жол апаты да жиілеген.  Үш күнде 200 ден астам жағдай тіркелді.

МЕЙРАМБЕК ҚАСТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жол көлік оқиғасының ең көп шоғырлануы Есіл, Сарайшық және Нұра аудандарында байқалады, бұл осы аймақтардың көлік жүктемесінің жоғары болуымен және жол инфрақұрылымының ерекшеліктерімен байланысты.Полиция көктайғаққа қарсы жұмыстар жүргізіп, жүргізушілерді қысқы дөңгелекке ауысуға шақырады. Желтоқсан-ақпан аралығында жазғы шинамен жүргендерге 5 АЕК айыппұл қарастырылған.

Қар жауғалы бері қалдан 67000 текше метр қар шығарылған. 1100 тонна мұз ерітетін реагин шашылған.  Алайда, бұл да мәселені шешпей тұр.