Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарын заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды,-деп хабарлайды Astana TV.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 09.10.2025 жылы Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.