$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

12.11.2025ж. 08:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
фото: pixabay

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын ұсынды, -деп хабарлайды Astana TV. 

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

- Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады. 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, — делінген хабарламада.