$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылды

11.11.2025ж. 21:11
Теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылды
Фото: Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутин ауылдарының маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде құстардың өлекселері анықталған.

- Аталған аумақты аумақтық инспекция, балық инспекциясы және табиғат қорғау полициясы қызметкерлері аралап шықты. Тексеру барысында жағалаудың әр жерінен 13 құстың өлексесі табылған. Олардың арасында үйректер, суқұзғындар мен шағала бар. Алайда, зертханалық талдау үшін үлгілер алу мүмкін болмады. Себебі, өлекселер бұзылып кеткен, - делінген хабарламада.

Аумақтық инспекция аудан әкімдігіне құстардың өлекселерінің қалдықтарын шығарып, жою жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама жіберген. Мониторинг жұмыстары әлі де жүріп жатыр.