$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Маңғыстауда алып сәби дүниеге келді

12.11.2025ж. 10:35
Маңғыстауда алып сәби дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

11 қараша күні облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 690 грамм болатын алып сәби дүниеге келді,-деп хабарлайды Astana TV. 

Дәрігерлердің мәліметінше, жаңа туған сәбидің анасында жүктілік кезінде қант диабеті, ауыр преэклампсия деген ауыр диагнозбен қатар артық салмақ болған.Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.

“Мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде оның туылған кездегі салмағына әсер етуі мүмкін”, – дейді мамандар.