$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Тапсырыспен жиһаз жасаймын": алаяқ алдап кетті

12.11.2025ж. 22:31
"Тапсырыспен жиһаз жасаймын": алаяқ алдап кетті
фото: pixabay

 

Қарағанды облысында  27 жастағы қала тұрғыны “Тапсырыспен жиһаз жасаймын” деп жұртты алдап кеткен,-деп хабарлайды Astana TV. 

Ол Instagram-да жалған парақша ашып, тапсырыстар қабылдаған. Алдын ала төлем алып, бірақ жұмысты орындамаған. Осылайша, 3 жылда  22 адамды алдап, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген.