Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара байланыстырады. 7500 шақырымға созылады. Бұл – тек географиялық жақындық емес, ғасырлар бойы қалыптасқан терең экономикалық және мәдени қатынастардың алғышарты. Бұл екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың басты артықшылығы болып табылады.
БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Осы екі елдің шекарасы 7500 км созылып жатыр. Екі мемлекеттің 32 млн жуық халқы осы шекара бойынша орналасқан. Бұл бірінші жағынан үлкен нарық деген сөз. Егерде оны дұрыс пайдалана білсек, біздің шағын және орта бизнесті дамытуға да үлкен мүмкіндіктердің бірі. Екіншіден, Қазақстанда 17 облыс болса, оның 8 облысы, Каспиймен арқылы 9 облысы Ресеймен байланысқан. Бұл деген сөз, 9 облыстың тұрмыс-тіршілгі, сауда-саттығы осы өңірлермен байланысты.
Шекара маңындағы аймақтарда ортақ жобалар жүзеге асып, логистика, ауыл шаруашылығы және шағын бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тіпті алдағы уақытта энергетика, мұнай-газ және көлік логистика салаларындағы бірлескен жобалар көбеймек. Жаңа заман сұранысына жылдам бейімделіп, дайын өнім мен қызметімізді ұсына білсек, бұл тұрғыда біздің ұтарымыз мол.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ресей Қазқастан үшін стратегиялық әріптес. Екі елдің тауар айналымы 30 млрд доллордан асты. Бұл өте үлкен сома. Ресей мен Қазақстан ішінде өнеркәсіптік коперациялар жасау керек. Яғни Ресейдің көптеген кәсіпорындары санкцияға байланысты қазір Қазақстанға көшіп жатыр. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын мәселе.