$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбылда мектеп оқушылары астан ұшынды

AstanaTV
12.11.2025ж. 19:00
Жамбылда мектеп оқушылары астан ұшынды

Жамбылда мектеп оқушылары астан ұшынды. Байзақ ауданы Мырзатай елдімекенінде12 бала мектепке қарсы беттегі дүкеннен бургер жеп, ауруханадан бір-ақ шыққан. Олардың  сабақ үстінде басы айналып, жүрегі айныған, бірінен кейін бірі ауруханаға жеткізілген.  Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, үйіне қайтарған. Қазір жағдайлары тұрақты дейді. Ал мерзімі өткен тауарды сатқан  дүкенге қатысты тексеріс басталды. Тағамдардан сынама алынып, зертханаға жіберілген.  

САЛТАНАТ ӘЛІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, заң аясында. Бұл ретте осы іс әрекетте қылмыстық іс бар жоғын анықтау үшін, біздің тарапымыздан Байзақ аудандық полиция бөліміне хат жолданды.

ЕРЛАН СЕЙДАХАНОВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман. Үш күннен кейін сабаққа қайта шығады.