$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қыркүйек айынан бері 1 миллион 278 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген

Қыркүйек айынан бері 1 миллион 278 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген

Қыркүйек айынан бері 1 миллион 278 мыңнан астам жіті респираторлық вирустық инфекция жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен маусыммен салыстырғанда 19 пайызға төмен. Ауырғандардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы елдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының 84 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы маусыммен салыстырғанда 5 есе төмен.

САРХАТ БЕЙСЕНОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫ:

Білім беру және балаларды тәрбиелеу ұйымдарында аурушаңдық, оқушылар мен қызметкерлердің қатысу күнделікті мониторингі өтеді. Эпидемиологиялық маусымның басынан бері, жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың ауыру жағдайлары бір сыныпта 20 пайыздан аспайды. Эпидемиологиялық процесске 2794 мектеп қатысты. Онда бір сыныпта ауру 10 пайызға дейін жетілді.