$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Риддерде «ҮЗДІК МАМАН – 2025» инклюзивті аспаздар байқауы өтті

AstanaTV
12.11.2025ж. 19:00
Риддерде «ҮЗДІК МАМАН – 2025» инклюзивті аспаздар байқауы өтті

Риддерде Жұмысшы мамандықтар жылына орай, «AMANAT» партиясының қолдауымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар мен студенттер арасында инклюзивті аспаздар байқауы өтті. 22 қатысушы өз шеберліктерін көрсетті. Байқаудың басты мақсаты — адам мүмкіндіктерінің шексіздігін, еңбек пен шығармашылықтың біріктіретін күшін көрсету. Қатысушылар бұл жетістікпен тоқтап қалмай, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

АСЕМ АҒАЖАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РИДДЕР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Олар болашақ талапкерлер үшін кәсіби дайындықты, яғни осындай базалық дүниелері көре алуы үшін өткізіліп отыр Өз таңдауларын жасау үшін. Әрине, мұның барлығы ең алдымен жас буынды әлеуметтендіруге және қолдауға бағытталған Кедергісіз келешек партиялық жобасы аясында өтіп жатыр.