$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дарынды балаларға арналған «Мың бала» республикалық жобасы қорытындыланды

AstanaTV
12.11.2025ж. 19:00
Дарынды балаларға арналған «Мың бала» республикалық жобасы қорытындыланды

Бүгін елордада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоба балалар шығармашылығын қолдауға, тіл мәдениетін дамытуға және өскелең ұрпақ арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Салтанатты жиынға еліміздің 20 өңірлерінен келген жас дарындар – байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары, білім беру ұйымдарының, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан Халық Ассамблея жастар қанатының өкілдері қатысты.

НАЗИПА ШАНАИ, ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда бұл жоба тек қана тілді үйрену ғана емес, бұл мәдениетаралық байланыс ретінде. Біздің балаларымыз тел арқылы әнді түсініп, оның ішінде мың саны домбыра тартып, қобыз тартып, қазақ мектебіне барып, еліміздің көрккем жерлерін суретке салу арқылы да өзінің тілге деген, елге деген сүйіспеншілігін білдіріп жатады.

«Мың бала» жобасы соңғы 10 жылда жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында байқауға 3 миллионнан астам оқушы қатысқан. Жоба аясында түрлі шығармашылық бағыттар мен өнер байқаулары өткізіліп, қатысушылар өз дарыны мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін көрсетті.

БОГДАН ЯЦУК, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Осы жарысқа апайым "қазақша білесің бе?" деді. Мен "иә "дедім. Инстаграмға шағын видео түсірдік. Сосын ол Павлодарға жетті. Павлодарға біз ән жібердік. Сол ән арқылы Астанаға өтіп кеттік.