Жеке фотосуреттер, бағдарламалық код, тіпті әлеуметтік желідегі аккаунт та заңмен қорғалатын меншік санатына енгізілмек.
Еліміздегі онлайн кеңістікке құқықтық мәртебе беретін алғашқы заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Енді біреу жеке мәліметтерді рұқсатсыз қолданса, сотқа жүгіне алады. Тіпті оларды сатуға, мұраға қалдыруға болады.
Сондай-ақ жеке тұлғаны растау жүйесі күшеймек. Енді азаматтар саусақ ізі, бет бейнесі, дауыс сияқты биометриялық әдістермен өздерін растай алады. Бұл бастама жеке мәліметтердің қолды болмауын қадағалайды.