$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынды алдап, 100 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды

13.11.2025ж. 11:34
Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынды алдап, 100 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды
фото: Zakon.kz

Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр,-деп хабарлайды Astana TV. 

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.