Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары құбырсыз су тарту технологиясын далалық сынақтан өткізіп жатыр,-деп хабарлайды Astana TV.
Жаңа технология ұңғымаларды жабдықтауға жұмсалатын қаражатты едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
«Себебі су көтеруге арналған құбырлар қолданылмайды, сондықтан оларды сатып алу, тасымалдау және орнатуға кететін шығындар қажет болмайды. Бұдан бөлек сорғыны ауыстыру немесе жөндеу кезінде орнату мен бөлшектеу жұмыстары жеңілдеп, бағасы да төмендейді. Ал су қысымының жоғалуы төмендегендіктен, электр энергиясын тұтыну да қысқарады», - делінген хабарламада.