Астанада Chery Tiggo көлігі көше жарық шамы бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды,-деп хабарлайды Astana TV.
- Chery Tiggo автомобилінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай көше жарық шамы бағанына соғылды. Соның салдарынан автомобиль аударылып қалды, — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.