$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылды

13.11.2025ж. 14:34
Елімізде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылды
Фото: Depositphotos.com

Бүгіннен бастап Бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Алматыда Орталық Азия саммиті барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Kaspi банк бұған дейін банкаралық QR жүйесіне қосылмаған еді. Күні кеше ресми келісімге отырдық, - деді Ұлттық банк басшысы.

Енді қазақстандықтар кез келген жерде барлық банктің мобильді қосымшасымен QR-код арқылы төлем жасай алады.