$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап кетті. Бір адам қаза тауып, тағы  екі адам зардап шеккен.  Оқиға орнына барған әріптесім Бекболат Сатуов мән-жайын толық айтып берсін.

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Қайғылы жағдай дәл осы тұрғын үйде болды. Істен шыққан лифт 7 қабаттан құлаған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де лифт істен шығып, құлағандар болған. 

КӘМШАТ ТАМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осыған дейін өлім жағдайы тіркелген жоқ бірақ құлау жағдайы болған. 9 этаждан қыз бала құлаған. Өз басым 3 этаждан құлағам. 8 этаждан құлаған адам бар. Бірақ бәрі жылы жабылып отырған осы күнге дейін.

Үй иелері бірлестігі бұл мәселемен жауаптыларға талай мәрте шағымданған. Бірақ, мардымды жауап алмапты.  Лифт жаңа деп, оны  ауыстырудан бас тартқан көрінеді. Тек жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жасауға уәде берген.

ШОЛПАН ТРИМОВА, ҮЙ ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Лифт бойынша біз жеке өзім майдан бері жазып жатырмын. Бізде құрылыс за стройщик турецкая компания, а техник бар, елорда құрылыс компаниясы бар.Жска бақыт арыстан бар.Сол кісілердің бәрі по блоком негізі қабылдаған. Именоо лифті біз міне алты ай болды жүргенімізге. Бізді ешкім тыңдаған жоқ.

Жазатайым оқиғадан зардап шеккен екі азаматтың да қазір жағдайы ауыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазір қолдан келген көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. 

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Екі қызметкер көпбейінді қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы орташа ауыр, екіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланады. Бір науқас анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі политравма бөлімінде ем қабылдауда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Құзырлылар жазатайым жағдай лифтіні жөндеу кезінде болған деп отыр. Жапа шеккендер жұмысшылар екен. Аталған факті бойынша еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.