Павлодарда құрылысы әлі аяқталмаған пәтерлерді қабылдап алған экс-шенеунік сотталды. Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы баспанаға мұқтаж отбасылар үшін салынған 24 пәтердің құнын мердігерге алдын ала төлеп тастаған. Ақыр соңында баспана құрылысы аяқсыз қалды. Тіпті, бұл пәтерлер тұруға жарамсыз болып шыққан. Бұған тексеру жүргізген облыстық прокуратура осындай былықтың бетін ашты. Шендінің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 50 млн. теңге көлемінде шығын келген. Іс сотқа жетіп, қызметін бабын асыра пайдаланған шенеунік бас бостандығынан айырылды.
МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Сот іс бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды, қылмыстық жауапгершілікке алғаш рет тартылуын, жағымды сипатталуын, залалды өтеуін, жас балалардың болуын, және жауаптылықты ауырлататын мән-жайдың, қабылдаған антты бұзуын ескере отырып, Д-ға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.