$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көшеде сыра ішкен оралдық шенеунікке сөгіс берілді

13.11.2025ж. 19:00
Көшеде сыра ішкен оралдық шенеунікке сөгіс берілді

Оралдық шенеунік көшеде сыра ішіп, көзге түсті. Тағы бірі  қызметтік көлігін жеке мақсатына пайдаланған. Түнгі сағат екіде көшеде тұрған жігіттерді тоқтатқан полиция оларға қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін ескерту жасап, хаттама толтырған.  Лауазым иесі кінәсін мойындап, салынған айыппұлды дереу төлеген. Дегенмен әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оны тәртіптік жауапкершілікке тартқан жөн деп шешті. Жалпы соңғы екі жылда өңірде оннан астам шенеуніктің мас күйінде көлік жүргізгені анықталған.

МҰРАТ БАЙСАЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БҚОД БАСШЫСЫ:

Профилактикалық бағыттағы жұмысты да жүргіземіз. Қазір әдеп жөніндегі уәкілдердің де институты бар. Бірақ соған қарамастан, бірқатар өзіміздің әріптестеріміздің тарапынан осындай этикалық бұзушылықтарға жол беріледі. Бірақ оған қарамастан, олардың жауапкершілігі міндетті түрде қаралады.