Қазақстанда 2 млн теңге жалақысы бар жұмысқа маман табылмай жатыр.Сұранысы жоғары мамандықтардың қатарында терең біліктілікті талап ететін қызмет түрлері басым. Бұл туралы ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған бос жұмыс орындары тізімінде көрсетілген. Маман неге тапшы, жоғары жалақыға қызықпайтындар туралы толығырақ келесі бейнесюжетте.
Айлығымыз шәй пұлымызға жетпейді дейтін жұрт, жалақысы 2 миллион теңге жұмысты жоғалтып алуы мүмкін. Министрліктің мәліметінше, Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан 132 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Ал жарияланған түйіндемелер саны 114 мың 1 жүз.Тақырыпқа тұздық болған жұмыс иелеріне байланысты 2 млн теңгеге маман табылмау көп бола бермейді дейді мамандар.
АЙДОС ЖҰМАНАЗАР, ПРОФОРИЕНТОЛОГ:
Бұл 2 млн теңгелік жұмыс ол әрқашан осылай пайда болатын бос жұмыс орындары вкансия емес, бірең сараң кездесіп қалуы мүмкін.Бұл бірінші нәрсе. 2 маңызды мәселе кейбір жұмыс берушілер кейбір органдар өздеріндегі жұмыс орындарын бос жұмыс орындарын ресми жариялау керек болады сол үшінде осындай бос вакансия бар сияқты көрінеді. Ал негізінде шындап келген кезде ол орынға адам табылып қойған.
Жұмыс берушілер ұсынатын ең жоғары жалақы бір миллион теңгеге жуықтаса да, жұмыс іздеушілер, әсіресе ұшқыш немесе кенші сияқты мамандықтарда, одан әлдеқайда көп ақы күтеді. Сондықтан, басқарушылық және техникалық салаларда жұмыс берушілердің ұсынысы мен мамандардың талабы арасындағы айырмашылық өте үлкен болып тұр.
ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:
Әлеуметтік бағыттағы салалар білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету жұмыспен қамту құрылымында негізгі рөлін сақтап отыр. Көрсеткіштердің шамалы ауытқуы еңбек нарығының жазғы маусымнан кейін тұрақтанғанын және сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің қалыптасқанын білдіреді.
2025 жылдың екінші тоқсанындағы адамдардың орташа жалақысы 316 152 теңге болды. Егер шағын кәсіп иелерін есептемесек, бір қызметкерге тиетін орташа жалақы 448 620 теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз, жалақы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға 111,3% өскен.
Алайда 2 млн теңге жалақы алатын мамандар әлі де тапшы бола бермек.