$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тәтті тоқаш жасаудан әлемдегі үздік 100 компания қатарына кіретін алпауыт бренд Қазақстанда ірі зауыт салып жатыр

Тәтті тоқаш жасаудан әлемдегі үздік 100 компания қатарына кіретін алпауыт бренд Қазақстанда ірі зауыт салып жатыр

Тәтті тоқаш әзірлеуден әлемдегі үздік 100 компания қатарына кіретін  ресейлік  алпауыт бренд Қазақстанда ірі зауыт салып жатыр. Донат нарығының 60 пайызын қамтып отырған кәсіпорынның көрші елде төрт бірдей өндіріс ошағы бар. Енді бесіншісін олар Қазақстанда ашпақ. Облыс әкімдігі инвесторларға “Қызылжар” арнайы экономикалық аймағынан орын беріп,  инфрақұрылым жеткізіп берді. Инвестиция көлемі -37 миллиард теңге. Жылына 15 мың тонна тәтті тоқаш пісірілмек. Өнімнің 36 пайызы ішкі нарыққа бағытталса, қалғаны экспортқа шығарылады. Осылайша, ресейлік кәсіпорын Қазақстан экономикасына үлес қосуға ынта білдіріп отыр.

МАРИНА БАЯНДИНА, ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің Қызылжар экономикалық аймағын таңдағанымыз кездейсоқ емес. Бұл жерде инвесторлар үшін көп мүмкіндік жасалған. Мәселен, салықтан босату, инфрақұрылымды тарту, жер телімін бөлу және тағысын тағы. Донат жасау барысында біз қазақстандық шикізатты пайдаланымыз.  378 жергілікті тұрғынды жұмысқа аламыз. Олардың еңбекақысы орташа жалақыдан жоғары болады деп жоспарлап отырмыз.