$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ә. Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалдық музейінде 11 мыңнан астам экспонат бар

AstanaTV
13.11.2025ж. 19:00
Ә. Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалдық музейінде 11 мыңнан астам экспонат бар

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалдық музейіне ғылыми жоба дайындап жүрген оқушылар жиі келеді. Олар батырдың өмірі мен ерлігіне қатысты мәліметтерді мұражай қорынан алады. Қазір музей қорында 11 мыңнан астам экспонат сақтаулы.  Әлияның хаттары, марапаттары, фото суреттері мен портреттері бар. Музейде зерттеу еңбектері мен кітап қоры да мол. Ай сайын 5-6 шара өткізіледі, экскурсиялар күн сайын ұйымдастырылуда.  1988 жылы мұражай жанынан «Әлия іздеушілер» тобы құрылған. Бүгінде музейге Қытай, Корея, Үндістан, Түркия және Ресей елдерінен де қонақтар жиі келеді. Келушілерге ақпарат қазақ, орыс, түрік, қытай және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

ӘСЕМГҮЛ АМАНГЕЛДІ, МУЗЕЙДІҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ә.Молдағұлованың  ерлігіне, жалпы өмір жолына дейік қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндердің өзінің қызығушылығы өте зор. Оларға Ә.Молдағұлова кім, ол қай жерде дүниеге келген , ол қазақтың батыр қызы дегендей мен де Әлиядай батыр боламын, деген өздерінің алдарына жазып алған образы бар.