$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әйелдер белсенділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

Әйелдер белсенділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

Биыл 15 мыңнан астам әйел жұмысқа орналасуға өтініш жазған. Оның  2800-і тұрақты қызмет атқаруда. Ал 400-ден астам әйел кәсіпкерлік бойынша оқуға қатысып, жаңа дағдылар игерген. Бұл туралы  "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысында айтылды. Сонымен қатар отырыста Әйелдер қанатының төрағасы Наргиза Керімбаева 10 айдың нәтижесіне тоқталды.

НАРГИЗ КЕРІМБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы жылдың басынан бері белсенді әйелдердің қатысуымен 70-ден астам іс-шара өткізілді. Бұқаралық ақпарат қызметтері мен әлеуметтік желілерде әйелдер қанатының қызметі туралы 200-ден астам материал жарияланды. Қазір "Әйелдер қанаты" 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер,  медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар.