$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бельгия құрамасы Астанаға келді

14.11.2025ж. 10:53
Бельгия құрамасы Астанаға келді
Фото: instagram.com/belgianreddevils/

Бельгияның футбол құрамасы түнде Астанаға келді,-деп хабарлайды Astana TV.

Ертең «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді. Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады. Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:

1. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
2. «Астаналық цирк» автотұрағы
3. «Бас Мешіт» автотұрағы
4. «Орталық саябақ» автотұрағы
5. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.

Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды.