Биыл елімізде жол апаты көбейген,-деп хабарлайды Astana TV.
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, жыл басынан бері 29 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 1 916 адам қаза тапты және 40 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған.
“Салыстырып қарасақ, өткен жылы 22 931 жол апаты тіркелген, 2 114 адам қаза тауып, 29 536 адам жараланған. Құрбандардың жартысын қарапайым ережелерді сақтау арқылы аман алып қалуға болар еді. Ол дегеніміз қауіпсіздік белдігін тағу, мас күйде көлік жүргізбеу, жолда мұқият болу керек”, деді ол.