$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

14.11.2025ж. 19:00
Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстанның Президенті қарсы алды. Екі елдің әнұраны шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты. Президенттің мемлекеттік сапары ертең жалғасады. Тараптар келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.