Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы жаңа қарқынмен дамып келеді. Бірнеше жыл бойы шабындықтың тапшылығы мен суармалы жердің аздығынан бәсеңдеген сала қайта жандана бастады.
«Отбасылық ферма» жобасы аясында шопандарға арналған тұрғын үйлер бой көтеріп, мал ұстауға қажетті қора-жайлар салынды. Бұл - облыста алғаш рет іске асырылған, ұсақ шаруашылықтарды бір ортаға тоғыстыратын кең көлемді бастама.
АЛМАТ САУХИМОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Солтүстік Қазақстан тәжірибесінен 18 900 бас қой алып келінді.Оның 12 900 асыл тұқымды. Еділбай және басқа да асыл тұқымды қойлар. 8700 бас асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.
Мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер арқылы жаңа шаруашылықтар құрылып, қой мен сиыр тұқымын асылдандыру ісі қарқын алуда.
ҚАНАТ САТЫБАЛДИН, "БҰРХАН" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жас жаңадан бастаған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өте көп қолдау беріліп жатыр.Жоспарымыз төрттүлік малды асылдандыру.Қойды, сиырды ақ бас тұқымына айналдырып жатырмыз.
Өңірде суармалы жер аз болса да, жаңа технологияларды енгізу арқылы егін шаруашылығы жандана бастады. 30 мың гектар егістік алқабы бар шаруашылықтар жаңбырлатып суаратын құрылғыны іске қосуда. Сондай-ақ, 50 гектарға картоп егіліп, өңірді өз өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
РАМАЗАН МҰҚАҒАЛИ, "KENGIR AGRO" АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ:
Суырмалы егістік алқабы жаңбырлатып суаратын құрылғыларды пайдаланып 500 гек жерге егін алқабын құру жоспарымызда бар. Қазіргі таңда 1 млрд жуық қаражат тартылды. Оның ішінде 640 млн теңге құрылғы мен құрылғыға су жеткізетін инфраструктураға жұмсалуда.
Бұл кешенді жобалар мал және егін шаруашылығының дамуына, кооперацияның күшеюіне, қайта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.