Көше кезген көк ит көбейді. Лисаков қаласындағы көпшілік осылай дабыл қағып отыр. Қаңғыбас иттердің қалың шоғыры қала маңындағы кенттерде, саяжайда көп кездеседі. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам аймақ тұрғыны дәрігер көмегіне жүгініпті.Соның тең жартысы ит пен мысықтан зардап шеккен.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Шағын шаһар тұрғындары қаңғыбас иттің қаптап кеткеніне шағымданып,видео жолдаған еді. Көпшілік қараусыз қалған жануарлар күндіз түні топтанып жүретінін айтады.Олар балалар мен егде жастағы адамдардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр.
БЛИЦ:
- Балалар үшін қауіптенеміз. Қатты қорқып қалса қиын болады ғой. Тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін.
- Балалар қорқады.Шығарда қарап тұрамыз ит шықпасын деп. Сосын шығарамыз далаға.Мынау шетте көп.
Мамандардың мәліметіне жүгінсек Тобыл өңірінде 20 мыңға жуық бұралқы ит бар.Ал Лисаков шаһарында қараусыз қалған төрт аяқты хайуан саны белгісіз. Ветеринария басқармасының өкілі биыл қала бойынша160 ит пен 10 мысық ауланып, екпе салынып, арнайы таңбаланып қайта босатылғанын айтады.Еріктілер мен жануарларды қорғау ұйымдары да қаңғыбас иттерді қамқорлығына алып, оларға жаңа ие табу бағытында жұмыс істеп жатыр.
ИРИНА КОВАЛЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қаңғыбас иттердің көбіне вакцина салынды.Олардың індет жұқтыру қаупі төмен.Алайда чип, вакцина салынбаған бұралқы иттердің бар екенін ескеруіміз керек.Сондықтан сақтанып, жануарларға жақындаудың қажеті жоқ.
Қалада қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға арналған үш орталық жұмыс істейді. Бұл жерде қазір 300-ге жуық ит пен 100-дей мысыққа күтім жасалып жатыр. 15 күннен кейін қайтадан көшеге жіберіледі. Аула кезіп, көпқабатты үй торлаған бұралқылар көпшіліктің бас қайғысына айналып отыр.{Олардан құтылудың ең оңай жолы көзін құрту дейді мамандар мен тұрғындар.