$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Израиль екі палестиналық ауылды өртеп жіберді

Израиль екі палестиналық ауылды өртеп жіберді

Трамптың өзі ғана емес, жұбайы да заң қабылдады. Бірінші ледидің бастамасымен асыранды балаларға оқуда және жұмыста басымдық беріледі. Ал, Израиль Палестинаға қастығын тоқтатар емес. Кеше бір ауылды қиратса, бүгін екі елдімекенді үйімен, көліктерімен қоса өртеп жіберді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

АҚШ-та енді заңды Конгресмендер мен Президент қана емес, әйелі де қабылдайды. Осыған дейін қыздардың құқығын қорғаған бірінші леди, енді өгей ата-ананың қолында тәрбиеленген балалар үшін қабылданған жобаға күйеуінің қолын қойдырды. Енді,  балаларға оқуда да, болашақта жұмысқа орналасқанда да ерекше басымдық беріледі.

МЕЛАНИЯ ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖҰБАЙЫ:

Бұл кішігірім бастама ертең үлкен серпіліс береді деген үмітім бар. Әр баланың ғана емес, бүкіл елдің болашағы үшін аса қажет деп білемін. Әр бала бақытты болуға лайық. Барлық бүлдіршінде дамуға, өсуге деген мүмкіндік болуы тиіс.

Израиль Палестина жерін басып алу жоспарынан айнымады. Екі ауылды толығымен өртеп жіберді. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Десе де, ауыл халқын тепкілеп, үйлерінен қуып, далаға қаңғытып шығарып жіберді, - дейді жергілікті тұрғындар.

МАХМҰД ЭДЕЙС, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

Израиль әскері лаңкестерден де жаман. Кәрі, жас демейді, Қажет болса, өлтіре салады. Мен өз үйімді тірнектеп тапқан ақшаға әрең салып, бітірген едім. Енді қайда барарымды білмеймін.

Иран қайтадан соғысқа дайындалып жатыр. Ислам Революциясын Қорғау Корпусы  жаңа баллистикалық зымырандар мен дрондарды көрмеде таныстырды. Ол көрмеге кез-келген адам тегін кіріп, көре алады.