$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде инженерлік желілерді бақылайтын «QGIS» жүйесі іске қосылды

AstanaTV
14.11.2025ж. 19:00
Ақтөбеде инженерлік желілерді бақылайтын «QGIS» жүйесі іске қосылды

Ақтөбеде инженерлік желілерді бақылау мақсатында «QGIS» жүйесі іске қосылды. Геоақпараттық жүйе электронды карта арқылы желілердің техникалық жағдайын қадағалауға қауқарлы.Мәселен, су құбыры жарылып немесе желіден ақау кетсе «QGIS» жүйесі дереу авариялық-диспетчерлік қызметке хабарлайды. Мамандар осылайша ысырапшылдыққа жол бермейміз, деп отыр.  Тәулік бойы жұмыс істейтін орталықтың міндеті-авариялық жағдайға жол бермеу, тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамту. Президент атап өткендей, суға деген мәдениет пен тәртіпті қалыптастыру арқылы ғана табиғи ресурсты болашаққа сақтай аламыз.

АЗАМАТ БОЛАТОВ, "AQTOBE SU-ENERGY GROUP» АҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Кәсіпорын уақыт талабына сай су шығынын азайту үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануда. Қазіргі кезде желілердегі апаттар санын қысқартып, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және су қоры желілеріне күнделікті тексеру жүргізіледі. Коммуникацияларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен су жоғалтулары азайды, ақаулар бойынша деректер бақылауда ұсталып талданады.