Шымкенттік тұрғын хайп үшін көлігін 12-қабатты үйдің төбесіне кранмен шығарып, дрифт жасаған. Ол видео әлеуметтік желіде жарияланды. Өзі мен өзгенің өміріне қауіпті маневр жасаған жүргізуші қамауға алынды.
Көлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар көлікті жоғары көтеруге және бейнежазбаны ұйымдастыруға көмектескен тұлғалармен полиция профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.