$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтті

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтті

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтті. Шараны Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырды. Сарапшылар инфляцияны басқару, ақша-кредит саясаты және қаржы технологияларының дамуы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, экономиканы тұрақтандыру жолдары мен болашақтағы қаржы стратегиялары қаралды.  Қаржы жүйесінде цифрландыру жеделдеп, цифрлық теңге, ұлттық QR-код, Open API және антифрод инфрақұрылымдары толыққанды жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта  деректер экономикасына көшу, жасанды интеллектті енгізу және цифрлық активтерді сақтау мен реттеуге арналған ұлттық жүйе құру жоспарланып отыр. 

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан экономикасы орнықты өсім көрсетіп отырғанымен, инфляция нысаналы деңгейден жоғары тұрғандықтан оны төмендету басты міндет болып қалуда. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеріп, монетарлық және макропруденциялық шараларды күшейтті.