Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елдегі үш өңірде 900-ден астам гектар жер өртенді

AstanaTV
01.08.2017ж. 20:00
2753
Елдегі үш өңірде 900-ден астам гектар жер өртенді

Елдегі үш өңірде дала өрті тұтанып, 900-ден астам гектар жер отқа оранды. Қазір Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарындағы тілсіз жау ауыздықталып жатыр. 

Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық табиғи паркіндегі өртті құтқарушылар үш күн бойы әзер ауыздықтаған. 30 шілде күні Төлеби аудандық өрт сөндіру бекетіне Сайрам-Өгем ұлттық паркінің үш асуында өрт болып жатыр деген хабар түскен. Құрғақ шөптен тұтанған өрт 50-ден аса гектар аумақты шарпыған. Ал оны сөндіру 3 бағыт бойынша жүргізіліпті. Оқиға орнын 80 адам кезекшілікке қойылған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, аптап ыстық өрттің әрі қарай өршуіне ықпал етіп отыр.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Табиғи өрттердің өршуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрамалары мүдделі бөлімшелермен бірігіп, барлық учаскелерде орын алған өртті сөндіруге жұмылдырылды.