$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжар тұрғыны ауруханада медициналық тексеруден кейін қайтыс болды

Қызылжар тұрғыны ауруханада медициналық тексеруден кейін қайтыс болды

Қызылжар тұрғыны ауруханада медициналық тексеруден кейін қайтыс болды. Қайғылы  жағдай Шал ақын ауданының орталық ауруханасында болған. 44 жастағы азамат денсаулығының сыр бергенін айтып, асқазанын тексертпекші болған.  Арнайы тексеру құрылғысын ішінен шығарып жатқан кезде ол талып қалған көрінеді. Дәрігерлер бір сағат бойы науқастың есін жиғызуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Артынша белгілі болғандай ер адамның жүрегінде ақау болған. Оны дәрігерлерге ескертпеген екен. Соңғы бес жылда емханаға бірде бір рет келіп, қаралмаған көрінеді. Қазір құқық қорғау органдары іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеру үстінде.

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Процессуалдық шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. Өзге мәліметтер тергеудің бұл кезеңінде жария етуге жатпайды.