$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шавкат Рахмонов чемпион атанған Ислам Махачевке үндеу жасады

16.11.2025ж. 21:23
Шавкат Рахмонов чемпион атанған Ислам Махачевке үндеу жасады
Коллаж offside.kz

Шавкат «Номад» Рахмонов қазіргі таңда UFC рейтингінде үшінші орында тұр,-деп хабарлайды Astana TV 1Бол!-ға сілтеме жасап.

UFC-де жартылай орта салмақта (77,1 келі) өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық атақты иеленген Ислам Махачевке үндеу жасады.

«Исламды жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт салмақ дәрежесіндегі басты сын-қатер мен екенімді ұмытпаңдар», - деп жазды Рахмонов өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Еске салайық, Астана уақыты бойынша бүгін таңертең Махачев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.
Айта кетейік, дәл осы дивизионда өнер көрсететін Шавкат «Номад» Рахмонов қазіргі таңда UFC рейтингінде үшінші орында тұр.