Астана әуежайы 2025 жылдың 10 ай ішінде 7,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен,-деп хабарлайды Astana TV.
Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінің ақпаратынша,жыл бойы әуе компаниялары Қазақстан ішінде және шет елдерге маршруттық бағыттарды кеңейтіп, рейстер жиілігін арттырған. Сондай-ақ әуежай арқылы шамамен 90 мың транзиттік жолаушы ұшса, пошта мен жүк тасымалы көлемі халықаралық бағыттар есебінен 10%-ға өскен.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы жұмыс қорытындысы бойынша 10 ай ішінде 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Өсу үрдісі ішкі және халықаралық бағыттарда да байқалады», - делінген хабарламада.