$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда қатты жарылыс дауысы жұртты дүр сілкіндірді

17.11.2025ж. 10:56
Алматыда қатты жарылыс дауысы жұртты дүр сілкіндірді
Фото: Алматы әкімдігі

Әуезов ауданында, Сайран маңында, шамамен бір жарым сағат бұрын жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естілген.

Сосын бірден жақын маңдағы үйлерде жарық өшкен. Жарты сағат ішінде жарық қайта қосылды.

ТЖД мәліметінше, трансформаторлық қосалқы станция өртенген. Қазір сол жерде электржелілік компания қызметкерлері жұмыс істеп, нысанды токтан ажыратуға тырысып жатыр. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап үлгерген.

Алайда ведомство жарылыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Онда алматылықтар естіген дауыс не болғаны әзірге белгісіз.