$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астаналық оқушы бір минутта кубик рубик жинайтын ақылды робот жасап шығарды

17.11.2025ж. 20:16
Астаналық оқушы бір минутта кубик рубик жинайтын ақылды робот жасап шығарды
фото: Астана әкімдігі

Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шахназар Камалов бір минут ішінде «Кубик Рубикті» толықтай автоматты түрде жинай алатын ақылды робот жобасын көпшілікке таныстырды,-деп хабарлайды Astana TV.

Жоба LEGO Mindstorms EV3 конструкторы негізінде құрастырылған.

Бағдарламалау EV3 Classroom платформасында Python тілінде жүзеге асырылған. Бұл оқушыға алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға, инженерлік есептерді шешуге, сондай-ақ робот қозғалысының әр бұрышы мен айналуын дәлдікпен басқаруға мүмкіндік берген.