Павлодарда баласына алимент төлемеген әйел ұсталды. 36 жастағы келіншек балаларына қарызын төлеуден жалтарып, қашып жүріпті. Железин ауданының тәртіп сақшылары борышкерді ұстап, қарызын өтеуге міндеттеді. Жас ананың екі бірдей баласы бар. Ол 3 жылға таяу уақыт алимент төлемеген. Қарыз соммасы 3,5 млн.-ға жеткен. Аймақта алимент төлеуден жалтарған 362 адам бар. Олардың 186-сына іздеу жарияланды. Себебі, бұл борышкерлер ата-аналық міндетін орындаудан қасақана бас тартқан. Сот шешімін орындамаған жағдайда мәжбүрлі түрде шара қолданылатын болады.
АҚҚАЛИ АҚҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Алимент төлеуден жалтарған қарызгерлерге қатысты ең қатаң шаралар қолданылады, олар алимент өндіріп алу бойынша атқарушы құжат талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған. Заң нормаларын елемеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.