$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Мектептерде терракт жасалады": әлеуметтік желіде ақпарат тарады

AstanaTV
17.11.2025ж. 19:00
"Мектептерде терракт жасалады": әлеуметтік желіде ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Ақтөбе мектептерінде теракт жасалатыны туралы қорқынышты видео тарады. Бетперде киген белгісіз адам үш күн бойы шабуыл жасалатынын мәлімдеген. Бұл ақпарат көпшілікті алаңдатып, ата-аналар арасында дүрбелең туғызды. Алайда,облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.  Бұған қатысты тергеу басталған.  Видеоны таратқан адамды анықтау үшін арнайы жедел топ құрылды.

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. 

Білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сабаққа қатысу жоғары, тек ауырып жатқан оқушылар ғана келмеген. Ведомотсов тұрғындарды арандатушы жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

АҚГҮЛ ҚИСЫҚОВА, №39 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектебімізде арнайы мектепте күзет бар. Күзет өзінің де жұмыстарын күшейтті бүгін және сонымен бірге полиция қызметкерлері келді.