$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жоғары технологиялық кәсіптер чемпионатында жүлделі орынға ие болды

17.11.2025ж. 16:39
Жоғары технологиялық кәсіптер чемпионатында жүлделі орынға ие болды

10–14 қараша аралығында Екатеринбург қаласында өткен «Хайтек: болашақ дағдылары-2025» халықаралық жоғары технологиялық кәсіптер чемпионатында «7 Qadam MASTER» бағдарламасының қатысушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетті,-деп хабарлайды Astana TV.

Биыл чемпионатқа 17 ел мен 50-ден астам кәсіпорыннан 1 000-нан астам қатысушы мен сарапшы жиналды. «Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары ұсынылған санаттың барлығында жүлделі орындарға ие болды.

2-орын

Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда жону жұмыстары
Қатысушы: Анатолий Мирошниченко («ҮМЗ» АҚ)
Жетекшісі: Виталий Конобейцев («Инкай БК» ЖШС)

Электр монтажы
Қатысушы: Сергей Токарев («ҮМЗ» АҚ)
Жетекшісі: Бақыт Сартаев («Қызылқұм» ЖШС)

Инженерлік CAD-дизайн
Қатысушы: Сабыржан Тілебалды («KEGOC» АҚ)
Жетекшісі: Мүслім Жылқайдаров («KEGOC» АҚ)

Еңбекті қорғау
Қатысушы: Руслан Әбдірайымов («Инкай БК» ЖШС)
Жетекшісі: Арман Дәуітпаев («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)

Зертханалық химиялық талдау
Қатысушы: Райымбек Қожамқұлов («Инкай БК» ЖШС)
Жетекшісі: Жадыра Құрманаева («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)

Қоршаған ортаны қорғау
Қатысушы: Құралай Қожагелдинова («Семізбай-U» ЖШС)
Жетекшісі: Самат Қайрамбаев («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)

Дәнекерлеу технологиялары
Қатысушы: Мұхаммедәмин Жақып
(«Ембімұнайгаз» АҚ)
Жетекшісі: Қуаныш Түриeв 
(«Ембімұнайгаз» АҚ)

 3-орын

Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда фрезерлік жұмыстар
Қатысушы: Самат Ашғалиев («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ)
Жетекшісі: Нұрлан Чимбаев («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ)

 «7 Qadam Master» бағдарламасын Samruk Business Academy ұйымы жүзеге асыруда. Ол жұмысшы мамандардың қолданбалы дағдыларын дамытуға бағытталған.