$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан ЭЫДҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларын таныстырды

Қазақстан ЭЫДҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларын таныстырды

Парижде өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының адалдық жөніндегі жұмыс тобының отырысында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан негізгі реформаларын ұсынды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай ұйыммен 17 жылдық ынтымақтастық нәтижесінде қоғамдық адалдық жөніндегі шолу жарияланғанын атап өтті. Оның сөзінше, елде адалдық мәдениетін қалыптастыру мектептен бастап мемлекеттік қызметке дейін жүйелі түрде жүзеге асуда.

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қағидаттарды айта отырып, біздің алдағы жасалынатын жұмыстардың барлығын белгілеп бердік. Қазіргі таңда, eqyzmet платформасында, сыртқы платформада біз онлайн мемлекеттік қызметке қабылдаймыз. Яғни, мемлекеттік органдар, автоматты түрде, адами факторсыз практоринг бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылдауды жүргізіп жатырмыз. Сол себепті оларды осы біздің жүргізіп жатқан цифрлық және онлайн платформаларымыз қызықтырды.