742 грамм болып туған сәби адам қатарына қосылды. Бұл-бір ғана мысал. Ал дәрігерлер жыл сайын қаншама мерзімінен бұрын туған шақалақтың өмірін сақтап қалады. Бүгін - Халықаралық шала туған сәбилер күні. Осыған орай тілшіміз перзентханаға барып, ерте туған балаларды көріп келді.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:
Дәл қазір біз мерзімінен ерте туған сәбилердің жансақтау бөліміндеміз. Мұнда дәрігерлер сәбилерге күтім жасап жатыр. Мына бүлдіршін 12 күн бұрын дүниеге келген. Салмағы -970 гр.
Биыл №3 перзентханада 6 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, соның 320-сы шала туған. Ал ана мен бала орталығында өмір есігін ашқан шақалақтың 35 проценті мерзімінен бұрын өмір есігін ашқан. Статистика жылдан жылға артуда. Дәрігерлер мұны аналардың денсаулық жағдайы, жүктілік кезіндегі күтімнің жеткіліксіздігі, дұрыс тамақтанбау мен созылмалы аурулармен байланыстырады.
АЙНҰР САПАРБАЕВА, UMC НӘРЕСТЕЛЕР РЕАНИМАЦИЯСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Қазір өте көп факторлар. Анасына дәрумен жетіспешілігі. Анасың өмір салты, тамақтануы, қимыл қозғалысы баланың өсіп өнуіне тікелей әсерін береді.
Бұрын мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбиді «Шалабай» деп атап, оны тымаққа салып өсірген. Қазіргі заманда оның орнын медициналық құралдар басқан.
ГҮЛНҰР НҰРҚАБЫЛОВА, №3 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕОНАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Тымақты жылы жерге қойған, пештің жанына қойған. Осы инкубатор сол тымақтың заманауи түрі сияқты. Осында температура мен ылғалдылық беріледі балаларға.+Баланың барлығы бірдей емес. Шала туудың өзі бөлінеді. Ерте және кеш. Ерте шала туылған балалар алғашқы демін де ала алмауы мүмкін.
Перзентханадағы дәрігерлер жыл сайын жүздеген шала туған нәрестені өмірге қайта әкеледі. Марияның сәбиі 1 келідей салмақпен туған.
МАРИЯ БРАГИНА-ЯКУЩЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз 3 күн жансақтау бөлімінде болдық. Балам өзі ауа жұтып, тамақтана бастады. Қазір жаңа туылған сәбилерді күту бөліміндеміз. Салмағымыз 2 кг жеткенде шығарады.
Бұл егіз бүлдіршін де шала туған. Қазір жасы 8-де.
244 грамм – әлемдегі ең шала туған шақалақтың салмағы. Сәби аман қалды. Жер бетінде жыл сайын 15 миллион бала шала туады. Олардың дамуы алғашқы жылдары кешуілдегенмен, кейіннен өмірге тез бейімделгіш, қиындыққа төтеп берер қайтпас қайсар, пысық әрі алғыр бала болатындығы зерттеулер бойынша анықталған.