$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түлектерге мамандық таңдауға кеңес берілді

AstanaTV
17.11.2025ж. 19:00
Түлектерге мамандық таңдауға кеңес берілді

Әрбір үшінші түлек мамандық таңдай алмайды. Бұл туралы GeoFest фестивалінде айтылды. Шара алғаш рет өткізіліп отыр. Негізгі мақсат оқушыларға мамандық таңдауға бағыт беру. Ұйымдастырушылар, бұған TikTok пен Instagram кінәлі деп отыр. Олар: «Әлеуметтік желілер балалардың ҰБТ-ға дайындалатын құнды уақытын ұрлап, зейінін бұзады» – деп дабыл қағуда. Шара барысында елордалық оқушыларға қандай мамандықтар сұраныста екені айтылды. Оған қызығушылықпен баруға кеңес берді.

ДАМИР САМАРХАНОВ, БІЛІМ САРАПШЫСЫ:

Жоғары оқу орынды аяқтағаннан кейін 60 пайыз түлектеріміз өкінішке қарай дипломмен өз жұмыс бабымен жұмыс жасамайды. Оның үстіне 87 пайыз түлектер ата анасының ықпалымен мектептің ықпаымен мамандық таңдайды екен.Яғни бұл жерде бізде мектепте кәсіби бағыт бағдар беру деген аз екенін көрсетеді. Осы статистикамен біз күресуіміз қажет.